Қазақстан бірінші болып ТМД елдері арасында 1998 жылдың шілде айында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңды қабылдағаны белгілі. Бұл көрме-шолудың мақсаты: оқырмандарды аталған заңда көрсетілген сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің негізгі қағидаттарымен таныстыру, жемқорлықтың алдын алу, жолын кесу бойынша ұйымдастырылып жатқан заңнамалық сипаттағы шаралармен, талаптармен таныстыру. Мемлекетімізде жүзеге асырылып жатқан сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті сапалы, жаңа негізде жүргізуге мүмкіндік беретін кешенді құқықтық және ұйымдастырушылық шаралар жөнінде ақпарат беру болды. Көрмеге 5-11сынып оқушылары қатысты. Кітаптар көрмесіне сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыптағы кітаптар, газет –журнал бетінен алынған мақалалар қойылды. Оқырмандардың алдында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және мемлекеттік қызметпен қатар, адал еңбек , еңбектің қоғам мен адам үшін маңыздылығы туралы әңгімеленді және 2015-2025 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы туралы ақпарат берілді. Шара аясында бейнероликтер көрсетіліп, «Сыбайлас жемқорлықпен күрес–Жарқын болашақтың кепілі» атты кітап көрмесіне библиографиялық шолу жасалды.